Әлеуметтік желіде Қостанайдың оқу орындарында террористік акт дайындалып жатқаны туралы хабарлама тарады. Осы ақпараттан кейін полиция соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Қостанайдағы бірқатар оқу орнына қатысты хабарламалар пайда болған еді. Белгісіз адам ғимараттарда жарылғыш құрылғылар бар екенін айтып, заңсыз әрекеттер жасауға дайындалып жатқанын мәлімдеген.
Бұл ақпарат дереу тексерілді. Қостанай облысының полициясы хабарламада көрсетілген барлық ғимаратты қарап шықты. Нәтижесінде жарылғыш заттар, жарылғыш құрылғылар және басқа да күдікті заттар табылмаған.
Қазір құқық қорғау органдары хабарлама авторын іздеп жатыр. Сонымен қатар, оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр.
"Полиция департаменті азаматтардан сабыр сақтауды, дүрбелеңге берілмеуді және тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұрайды. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз