- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай басшысы бюджет...
Қостанай басшысы бюджет есебінен әкім аппаратына қымбат автокөлік сатып алған
Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев жаңа автокөлікті бюджет есебінен не үшін сатып алғанын түсіндірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.
Жаңа автокөлікке әкім аппараты 23 миллион теңге бөледі. Себебі Қостанай әкімі бұған дейін қолданған 2010 жылғы Lexus LX570 автокөлігі 100 пайыз ескіріп кеткен көрінеді.
"Біріншіден, көлік тек мен үшін арналмаған. Оны әкімдік аппараты сатып алды. Бұрынғы көлікті жөндеуге өте көп қаражат кетеді. Аппараттағы бюджет көп емес, сондықтан жыл сайын бес миллион теңге жұмсау дұрыс емес деп санаймын", – дейді Қостанай әкімі.
Оның сөзінше, автокөлікті сатып алуға арналған конкурс өткізілген. Жаңа Kia Sorento автокөлігін сатып алуға 23 миллион теңге жұмсалмақ.
Фото: kia.com.kz
"Иә, мен оны қолданамын, себебі басқа амал жоқ. Қалада жаяу жүре алмаймын. Өзіміздің автоөнеркәсіп өндіретін автокөлікті сатып алғанымыз дұрыс деп ойлаймын. Оны тек мен емес, әкім аппаратындағы өзге адамдар да қолданады", – дейді Марат Жүндібаев.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина