Қостанайда балабақшада баланы құлатып алған тәрбиеші жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Қостанайдағы №61 балабақшада орындыққа отырған баланы құлатып алған тәрбиеші енді мектепке дейінгі мекемеде жұмыс істей алмайды. Бұл туралы Білім басқармасы хабарлады.
"№61 балабақшадағы оқиғаға байланысты білім басқармасы балабақша меңгерушісіне тәртіптік шара қолданылғанын, қазіргі уақытта тәрбиеші жұмыстан босатылғанын хабарлайды", - деді Білім басқармасы өкілдері.
Сондай-ақ, полицейлер оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы "Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру" бойынша сотта қаралатынын хабарлады.
Еске салайық, Қостанайдағы №61 балабақшада тәрбиеші орындықта отырған үш жасар баланы түзеймін деп құлатып алғаны хабарланған болатын. Салдарынан баланың бұғанасы сынған.