- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қосшыға жаңа әкім тағайындалды
Қосшыға жаңа әкім тағайындалды
Азамат Капышев Қосшы әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 11 қарашадағы өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және мәслихат депутаттарының мақұлдауымен Қосшы қаласының әкімі болып Азамат Капышев тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласының активіне жаңа әкімді таныстырып, Азамат Капышевтің жоғары кәсіби қасиеттері бар білімді және білікті басшы екенін атап өтті. Жаңа басшылыққа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, соның ішінде сумен қамтамасыз ету, электр және жылумен жабдықтау, инфрақұрылым салаларында бірқатар міндеттер қойылды.
Аймақ басшысы жоспарланған барлық нысанның уақытылы пайдалануға берілуін жеке бақылауға алуды, сондай-ақ жылыту маусымының сәтті және үздіксіз өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қала келбетін жақсарту, қоқыс шығару мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігі де айтылды.
Географиялық тиімді орналасуды ескере отырып, инвестицияларды тарту, кәсіпкерлік пен туризмді дамыту жұмыстарын жалғастыру қажет. Әлеуметтік нысандарды іске қосу және жол желісін дамыту бойынша белсенді жұмыс күтіп тұр.
Кездесу соңында Марат Ахметжанов жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда табыс тілеп, Қосшы қаласының бұрынғы әкімі Гайдар Қасеновке атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан