Ақмола облысында өртсөндірушілер тұрғын үйді өрттен сақтап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін таңертең Қосшы қаласында жеке тұрғын үйлердің бірінде, үйге бекітілген от жағатын бөлмеде өрт шықты. Өртсөндірушілер өрттің тұрғын үйге таралуына жол бермеген.
"Өрт сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, жағдайды алапат өртке жеткізбеуді сұрайды.
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында өрт шығып, бір үйдің бес баласы мерт болғаны хабарланды. Кейінірек жағдайды Бас прокурор бақылауына алды.
Жітіқарадағы бес баланың өлімі: анасы қонаққа кеткен, әкесі түрмеде.
Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова Жітіқарадағы бес баланың қазасына қатысты пікір білдірді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!