Қосшыда қаралы жұрт фельдшер Ұлдана Мырзуанды ақтық сапарға шығарып салды

Қаралы жұрт фельдшер Ұлдана Мырзуанды ақтық сапарға шығарып салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қоштасу рәсімі Астана іргесіндегі Қосшыдағы үйінде өтті.

Мұнда марқұмның туыстары, әріптестері, көршілері, достары жиналды.

Марқұм небәрі 23 жаста болған. 

©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлышманов

Еске салайық, 18 қарашада Астанада жедел жәрдем фельдшері қайтыс болды. Ол тұрғын үйдің қасбеті мен кондиционер құлаған кезде зардап шеккен еді. Бұл жайт 8 қарашада болды.

Мемлекет басшысының жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!