- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қосшыда есірткі жасырып...
Қосшыда есірткі жасырып жүрген әйел ұсталды
Қосшыда полиция есірткі жасырып кетушіні қолға түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Криминалдық полиция қызметкерлері Қосшы қаласында синтетикалық есірткіні жасырып кетушіні ұстады.
Ол елорданың 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Полицейлердің айтуынша, жергілікті тұрғын әйелді байқап, оның оның мінез-құлқы күдікті болып көрінген.
Оның айтуынша, белгісіз әйел есірткіні жасыру кезінде күдікке ілінген. Мәлімдемеге жедел уәкілдер дереу әрекет етіп, есірткі жасырып кетушінің жеке басын анықтады. Тергеу шаралары барысында полицейлер а-PvP психотроптық затын тәркіледі.
Әйел Астана қаласында тұрады және бұған дейін алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина