Ақмола облысында Қосшы құтқарушылары 2 баланы аман алып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, кеше Қосшы қаласында құтқарушылар 3-қабаттың балконынан үш иінді баспалдақ арқылы пәтер иесіне ішінен құлыпталған есікті ашты.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде 2019, 2020 жылы туған 2 бала аман қалды.
"Балалар аман-есен анасына тапсырылды. Медициналық көмекті қажет етпеді", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз