- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қосшы тұрғынының бір...
Қосшы тұрғынының бір жыл жинаған 20 миллион теңгесін көршісі ұрлап кетті
Ақмола облысының полицейлер көршісінің үйінен 20 миллион теңге ұрлаған тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қосшы тұрғыны бір жыл бойы 20 миллион теңге көлемінде ақша жинап, оны жатын бөлмесінде сақтаған. Ұрлық болған күні оның өзі де, отбасының басқа мүшесі де үйде болмаған. Ал күдікті үйге есікті бұзбай, кілтпен кірген.
"Ұрлық фактісін полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Дереу жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде келесі күні Қосшы қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері өтініш берушінің көршісін Қарағанды аумағында қолға түсірді. Қазіргі уақытта ұрланған қаражаттың бір бөлігі тәркіленді", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан