- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қоспаев" қылмыстық тобының...
"Қоспаев" қылмыстық тобының мүшелерін шекарадан өткізген ауыл тұрғыны ұсталды
Жамбыл облысының прокуратурасы өкілі "Қоспаев" қылмыстық тобының мүшелерін мемлекеттік шекарадан өткізген адам ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін ҰҚТ мүшелері Шалин, Имашев және Қоспаевқа Қылмыстық кодекстің 249 (рейдерлік) және 262-баптары бойынша (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және қатысу) жасаған қылмыстары үшін Қаржылық мониторинг агенттігі халықаралық іздеу жариялаған.
Ведомство мәліметінше, олар Жамбыл облысы аумағында орналасқан мемлекеттік шекарадан елден шығып кеткен.
Былтыр 10 қарашада Қордай аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 394-бабы 2-бөлігі (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс тіркеген. Ал 11 қарашада Қордай ауданының прокуроры Бірлік Ізбасаровтың қаулысымен полиция және шекара басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен мекемеаралық топ құрылған.
Прокуратура жүргізген үйлестіру жұмыстары нәтижесінде айтылған адамдар 6 тамызда Сортөбе ауылының маңында брод арқылы мемлекеттік шекарадан өткізуді ұйымдастырған жергілікті тұрғын анықталып, құрықталған.
Күдікті кінәсін толық мойындады, соталды тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ол прокуратураның бақылауында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова