- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Косметолог шаш саулығын...
Косметолог шаш саулығын қалпына келтірудің тиімді әдісін атады
Кейбір қыздар шаштың шамадан тыс түсуі, сынғыштық, сарғаю секілді шаш мәселесінен жиі зардап шегеді. Косметолог Татьяна Макарова шаштың қалыңдығы мен саулығын қалай тез әрі тиімді қалпына келтіруге болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Страсти-ге сілтеме жасап.
Косметологтың сөзінше, шаштың түсуіне қарсы ең жақсы заманауи құрал - RF-лифтинг.
"Бұл әдіс терінің терең қабатына радиожиілік импульстарын жіберіп, регенерация процес бастайтын микро ине электрод арқылы әсер етеді, - деп түсіндірді сарапшы.
Татьяна Макарова процедура кезінде ауырсыну сезімі болмайтынын айтып, оның алопеция арқылы жүзеге асырылатынын жеткізді. Сонымен қатар, RF-лифтинг шаштың ұштанып, түсі жоғалуының алдын алып, беріктігіне пайдалы болады.
Нәтижеге қол жеткізу үшін косметолог бұл процедураны инъекциялық әдіспен қатар өтуге кеңес берді.
"Әйелдердің көпшілігі нәтижені бірінші рет келгеннен кейін байқайды, бірақ мен оларға бұл процедураны бас терісінің плазмолифтингімен қатар өтуге кеңес беремін. Ультра жұқа инелердің арқасында шашыңыздың жағдайы бір-екі ай ішінде жақсарады", - дейді дәрігер.
Айта кетейік, бұған дейін босанғаннан кейін шаштың түсуін қалай тоқтатуға болатыны туралы хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Объектілердің 3D моделін қай сала мамандары көп қолданады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә