Қыста ауа температурасы өзгеруіне байланысты тері күңгірт, бозғылт түске еніп, құрғақ бола түседі. Бұл туралы косметолог Нана Носарева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі life.ru-ға сілтеме жасап.
Қыста тері құрғақтықтан қабыршақтануы да мүмкін. Маманның сөзінше, осы кезеңде көбінде әжімдер айқынырақ көріне түседі. Мұндай өзгерістердің алдын алу үшін үйдегі күтімді түзеу қажет екен.
Керамидтер, липидтер және антиоксиданттар қосылған крем теріні қорғауға көмектеседі. Ал түнде ылғалдандыратын әсері бар кремді таңдаған дұрыс. Мысалы, гиалурон қышқылы, балдыр сығындысы қосылған кремдердің көмегі бар екен.
Носареваның пікірінше, қыста теріге спирт лосьондары, сілті қосылған сабындар, тіпті ыстық су кері әсерін тигізеді. Ол бетті артық зат қосылмаған көбікпен жууға, содан кейін теріні рН-ны қалыпқа келтіретін тоникпен сүртуге кеңес берді.
Косметолог күтімге орналған крем, басқа да заттарды сыртқа шыққанға дейін кем дегенде бір сағат бұрын бетке жағу дұрыс екенін жеткізді. Сонымен қатар, ол теріні табиғи түрде ылғалдандырып, көбірек су ішуге шақырды.
Айта кетейік, бұған дейін косметолог маңызды сұрақтарға жауап берген еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз