- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Косметолог кеңесі: Таңертең...
Косметолог кеңесі: Таңертең бетіңіз ісіп тұрмас үшін не істеу керек?
Таңертең бетіңіз ісіп тұрмас үшін не істеу керек? Косметолог Нана Носарева пайдалы кеңестер берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газетой.Ru-ге" сілтеме жасап.
"Таңертең бетіңіз ісіп тұрмас үшін күніне кемінде сегіз сағат ұйықтап, биік емес және ыңғайлы жастықты таңдау керек (тым жоғары жастық мойын тамырларын тарылтады, бұл сұйықтықтың сақталуына әкеледі), сонымен қатар кешке майлы және тұзды тағамдардан аулақ болу керек", - деп түсіндірді дәрігер.
Ал ісінуден жылдам арылуға қарама-қарсы душ, лимфа-дренаждық гимнастика, ісінуге қарсы патчтар мен кремдер, сондай-ақ түймедақ сияқты шөптердің қайнатпасынан жасалған мұз текшелері көмектеседі. Бірақ куперозбен қиналатын немесе терісі тым жұқа қыздарға мұз текшелерін қолдануға болмайды. Сондай-ақ ісінуден арылу үшін лимфа-дренаждық массаж жасауға болады.
Алайда ісінуден құтылудың негізгі әдісі - салауатты өмір салтын сақтау. Оған су ішу режимі, толыққанды ұйқы, ащы және тұзды тағамдарды жиі тұтынудан бас тарту кіреді.
Оқи отырыңыз: мұз текшелерін қалай дайындаймыз?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова