Косметикалық операцияны лицензиясы болмаса да жасаған астаналық сотталды

Косметикалық операцияны лицензиясы болмаса да жасаған астаналық сотталды
Фото: elements.envato.com

Косметикалық операцияны лицензиясыз жасаған астаналық сотталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Cоттың үкімімен елорда тұрғыны медициналық қызметпен лицензиясыз айналысып, денсаулыққа зиян келтіргені үшін сотталды. 

Ол тиісті лицензия мен сертификатсыз, сақтау мерзімі өткен филлерді қолдану арқылы косметикалық процедура жүргізіп, нәтижесінде жәбірленушінің денесінде қабынып, оған медициналық көмек қажет болған.

Кінәліге 1 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, мәжбүрлі еңбекке тартылып, медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Сотталғаннан жәбірленушінің пайдасына 5,8 млн теңге материалдық және моральдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Қала прокуратурасы азаматтарды медициналық процедураларды қабылдау үшін тек лицензиясы бар білікті мамандарға ғана жүгінудің маңыздылығы туралы ескертеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина