Бүгін, 6 қыркүйек Көкпардан АҚШ құрамасы таңғы 7:20-да Астана халықаралық әуежайына келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көшпенділер ойынына 89 елден 2500 ге жуық спортшы қатысады. Олардың ішінде америкалық ковбойлар да бар.
Ковбойларды күмбірлеген күй, ыстық бауырсақпен ұлттық киім киген қыз-жігіттер салтанатты түрде қарсы алды.
"Көкпар өте қызықты ойын. Көкпар ойынымен 12 жасымда таныса бастадым. Бұл ойын қиын спорт түрі. Көкпар арқылы Қазақстанды жақсы тани бастадым. Көшпенділер ойындарына 24-30 жас аралығында 9 адам келдік. Көкпардағы ең маңызды нәрсе - аттың өзін жақсы сезінуі", -деп пікір білдірген Baq.kz тілшісіне көкпардан АҚШ құрамасының капитаны Скотт Симмерман.
Айта кетейік, елімізде Көшпенділер ойыны 8-13 қыркүйек күндері өтеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз