Көшпенділер ойыны: аренада шырқалған Әнұран желідегілерді тәнті етті

Фото: Видео кадры

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әнұран шырқап тұрған сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео SilkWay Telegram-арнасында пайда болды. Онда Президент пен тұтас аренаның Әнұран шырқап тұрған сәті көрінеді. 

Еске салайық, кеше Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындары салтанатты түрде ашылды. Ашылу салтанатының мәртебелі қонақтары қатарында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Республикасының президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Татарстан Раисы Рустам Минниханов, Саха Республикасының басшысы Айсен Николаев, Моңғолияның III президенті Намбарын Энхбаяр бар.

 Сондай-ақ, ашылу салтанатында Халық әртісі Димаш Құдайберген өнер көрсетті. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек