- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көшпенділер ойындарында 77...
Көшпенділер ойындарында 77 жастағы қария ерікті болып жүр
Көшпенділер ойындарында ерікті болып жүрген 77 жастағы қария көпшілікті таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы журналист Жұлдыз Рахмет әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, Ғалымжан атаның жасы 77-де. Ол - мұндағы ең қарт ерікті.
"Шаршасам жасырмаймын ғой. (Келген қонақтар - еск.) өнер көрсетіп жатқандарға қабаттаспау үшін, кедергі келтірмеу үшін бақылап тұрамыз. Ерікті болып жазылуға болатынын теледидар арқылы, сосын Ардагерлер үйінен білдім. Онда бәрін айтады", - дейді Ғалымжан ата.
@zhuldyz_rakhmet #5thworldnomadgames ♬ оригинальный звук - Zhuldyz_rakhmet
Желі қолданушылары атаға ұзақ ғұмыр тілеп, пікір қалдырған.
"Аман болыңыз, ауырмаңыз", "Жарайсыз, ата", "Ұзақ ғұмыр жасаңыз", "Көп жасаңыз, ата", - деп жазған олар.
Айта кетейік, бұған дейін домбыра шерткен қазақ қызы Көшпенділер ойындарына келген испаниялықтарды таңғалдырған еді.
Еске салайық, 8 қыркүйекте Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы күндерінде Қазақстан ұлттық құрамасы 25 медальға ие болып, көш бастады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек