Көшпенділер ойындары: Қазақстан 300 шақырымдық бәйгеде топ жарды

Көшпенділер ойындары: Қазақстан 300 шақырымдық бәйгеде топ жарды
Фото: instagram.com/ulttyqatsport.kz

Қазақстан құрамасы алыс қашыққа ат шабысы - жорықтан үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынға ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шабандоздар VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 300 шақырым қашықты төрт күнде еңсеріп, мәреге бірінші болып жетті:

  • 1-орын - Қазақстан;
  • 2-орын - Қырғызстан;
  • 3-орын - Қырғызстан;

Қазақстан құрамасы сапында Ержан Ернар, Төлебай Жарас, Ыдырыс Жақсылық, Реимбай Қанат және Есен Ахмет жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, осы жарыстан кейін Қазақстан құрамасы 27 алтын медальмен Ойындардың жалпы есебінде көш бастап тұр.

Еске салайық, биылғы жарыстар 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында өтіп жатыр.

Сайыстарға 100-ден аса елден 3000-ға жуық спортшы қатысуда. Жарыстар спорттың 43 түрінен, соның ішінде қазақтың ұлттық спорт түрлерінен өткізіліп жатыр.

Қазақстан атынан ойындарға барлық 43 спорт түрі бойынша 150-ден астам спортшы қатысып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget