- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көшпенділер ойындары: елге...
Көшпенділер ойындары: елге келген шетелдіктер қазақша сайрап жүр
Бүгін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылғанына 5 күн өтті. Қазақстанның елордасында өтіп жатқан сайысты тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен шетелдіктер келіп жатыр. Олардың біразы қазақ тілін меңгеріп алған. Massaget.kz тілшісі қазақша сайрап жүрген туристерге шолу жасады.
Солардың бірі – Жапониядан келген жұп. Олардың айтуынша, бұдан 10 жыл бұрын 1 ай Алматыда тұрған, сол кезде қазақ тілін меңгеріп алған.
"Біз Жапониядан келдік. Бұл - менің жолдасым, ол да жапон. Астанадағы Көшпенділер ойындары ұнап жатыр. Астана да ұнап жатыр. Қазақ тілін Жапонияда өз бетімізше үйреніп алдық", - дейді олар.
@mukushevkaira #tiktok #көшпенділер #қазақша #жапония ♬ оригинальный звук - mukushevkaira
Жапониялық танымал блогер Юджи де Қазақстанға келді. Оның айтуынша, елімізге үш рет келген.
"Маған табиғаты, қазақтардың қонақжайлығы қатты ұнайды. Көп адам мені қазақ деп ойлайды, мен жартылай жапон, жартылай ирландиялықпын, ал оның ортасы - Қазақстан. Өте қызық екен, қазақтар жылқыны жақсы көреді, ал ет - менің сүйікті асыма айналды", - дейді ол.
@shakenmakhmbek @yuji_beleza ♬ оригинальный звук - shakenmakhmbek
Ал америкалық қонақ этноауылда әйеліне сыйлық алмақшы болады. Сол кезде бәрімен қазақша тілдесіп, жақсылық тілеп кетті.
@qazarial ♬ оригинальный звук - Qazarial Именная вышивка
Америкадан келген Калын да қазақ тілінде сайрап тұр.
"Менің атым - Калын. Мен америкалықпын. Американың Вашингтон қаласынан келдім. АҚШ-ты да, Қазақстанды да қолдаймын. Менің ойымша, достық жеңеді", - дейді ол видеода.
@kasper_usa #Казахстан #казакша #казахскийязык #язык #американец #сша #америка #дружба #уважение #қазақстан #қазақша #қазақтілі #тіл #құрмет #достық #ақш #американ #қолдапкетейікші🇰🇿🇰🇿 #kazakhstan #usa #america #🇰🇿 #🇺🇸 #🇰🇿❤️🇺🇸 #рек #рекомендации ♬ оригинальный звук - KASPER.KZ
Этноауылда қолдан жасалған бұйымдар сатып отырған қазақ әжелері франциялық туристерді Эдит Пиафтің Non, je ne regrette rien әнін орындап, таң-тамаша етті.
@anar.dk Біздің ақ жаулықты әжелеріміз француз тілінде ән салып, туристерді таңғалдырып жатыр! #worldnomadgames2024#kazakhstan ♬ original sound - Анар Даутова
Айта кетейік, бұған дейін домбыра шерткен қазақ қызы Көшпенділер ойындарына келген испаниялықтарды таңғалдырған еді.
Еске салайық, 8 қыркүйекте Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы күндерінде Қазақстан ұлттық құрамасы 25 медальға ие болып, көш бастады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек