Шымкентте кәмелетке толмаған қызға құқыққа қарсы әрекет жасауға оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Кадрда күдікті адам қызды көтеріп алып, жүгіріп бара жатқаны көрінеді.
Шымкент Полиция департаментінің редакцияға берген жауабына сүйенсек, 1 ақпанда жасөспірім кәмелетке толмаған қызды ұстап алып, құқыққа қарсы әрекет жасамақ болғаны туралы арыз түскен.
"Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жасөспірімнің ата-анасы полицияға жеткізілді", - деп жазылған Шымкент ПД хабарламасында.
Кәмелетке толмаған қызбен психологтің қатысуымен әңгіме-сұхбат жүргізілген.
"Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Тергеу жүргізіліп жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді қала полициясы.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!