- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көшеде ұстап алып,...
Көшеде ұстап алып, әскерге алып кетсе не істеу керек? Заңгер жауап берді
Әскерге шақырту қағазсыз, еркіңізден тыс көшеде ұстап, алып кете алмайды. Бұл туралы белгілі заңгер Бекқұлов Азамат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жауап берді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заңгер, отан алдындағы борышыңызды өтеуге заңсыз ешкім сізді міндеттемейтінін жеткізді.
"Сізді олай еркіңізден тыс алып кету заңға қайшы. Алдымен жазбаша түрде әскерге шақыру қағазын табыстау керек. Туысқаныңзға не болмаса көршіңізге, ата-анаңызға емес жеке сіздің қолыңызға беру керек. Сізді әскери комиссиариатқа шақырмастан бұрын, екі күн алдын сізге шақырту жібереді. Егер сіз келмей қалсаңыз, онда ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 647-бап, азаматтардың әскери есепке алу жөнiндегi мiндеттерді орындамау бабы бойынша 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады", - дейді заңгер.
Заңгер, сізді жолда ұстап алып, алып кетсе не істеу керектігін айтты.
"Ондай жағдай болса қалса дереу ата-анаңызға немесе полиция қызметкерлеріне хабарласыңыз. Әскери комиссариат қызметкерлерін ҚР ҚК 414 заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау бабы бойынша жауапқа тартады" , - дейді заңгер.
@adiletalmatykz #армия #служба #военный #военкомат #солдат #улица #заведение #укрк #коап #повестка #1414 @Trstd treasure ♬ оригинальный звук - adiletalmatykz
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы