Көшеде түкіретіндер қалай анықталады?

Ішкі істер министрлігі Massaget.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға жауапта көшеде түкіретіндер қалай анықталып жатқанын, оларға қандай жаза бар екенін айтты.

Түкіргендерге салынатын айыппұл мөлшері қанша?

Қоғамдық орындарды, саябақтарды, скверлерді ластағандарға, коммуналдық қоқыс шығарғандарға (ӘҚБтК-нің 434-бабы, 2-бөлігі) он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл құқықбұзушылықтар әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ІІМ көп түкіретіндермен қалай күресіп жатыр?

ІІМ мәліметінше, қоғамдық орындарды ластаудың алдын алу үшін "икемді патрульдеу" әдісі қолданылады.

"Мұндай патрульдік жасақтар ең көп зардап шеккен учаскелерде қойылады. Осылайша, әртүрлі құқықбұзушылықтарға тосқауыл қойылады", - деп жазылған жауапта.

Сондай-ақ жаппай бейнебақылау жобасы жүзеге асырылады. Бүгінде елімізде 1 миллион 300 мыңнан аса бейнекамера жұмыс істейтіні белгілі болды.

"Бейнекамералар қиылыстарда, тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістерінде, сауда нысандарында, ойын-сауық орындарында, яғни азаматтар көп шоғырланған жерінде орнатылған. Құқықбұзушылықтардың көп бөлігі осы бейнекамералар арқылы анықталады", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!