- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Көшеде талай концерт...
"Көшеде талай концерт қойдық қой". Төреғали Төреәлі сахнада "әңгіменің басын жіберді"
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі Атырау қаласында концерт беріп, оның барысында тыңдармандарымен тілдесті. Өнер иесі гастрольге шықпай кеткен уақытта "көшеде талай концерт қойғанын" айтып әзілдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Төреғалидің Атыраудағы концертінен үзінді Instagram желісінде тарап кеткен. Онда әртістің тыңдармандарымен басынан өткен даулы жағдайға қатысты әзілдесіп жатқанын көруге болады. Әнші гастрольге шықпай кеткен уақытты бос өткізбегенін алға тартып, "көшеде талай концерт қойғанын" айтты.
Қалың көпшілік өнер иесінің әзілін дұрыс жағынан қабылдап, онымен бірге күлді.
"Ән кешін беріп, гастрольге шықпағалы екі жылдай уақыт болған екен. Бірақ көшеде талай концертті қойдым ғой. Ортасындағы уақытты бос өткізген жоқпыз. Ондай болып тұрады. Ондай ханның қызында да болады деген сияқты. Сондай болып қалып жатыр енді. Әдейі емес. Құдайдың жазғаны, тағдырдың сценариі бойынша келе жатырмыз. Бірақ адамның ниетіне байланысты дейді. Біздің ниетіміз сол - сіздердің көңілдеріңізді көтеру, өсіп келе жатқан ұл-қыздарымызға өзіміздің өнерімізді үйрету, паш ету, осылай сіздердің көзайымдарыңыз болып жүру. Кейде ойлаймын, құдай бізді сіздердің іштеріңіз пыспасын деп аратып қойған сияқты", - деді "Ұлы дала баласы".
Сонымен қатар, әнші өнерін тамашалауға келген көпшілікке алғысын айтып, артынан тағы әзілдеді. Ол темір торда отырғаннан, осылай концертте жайғасып отырған анағұрлым жақсы екенін атап өтті.
"Көргеніме қатты қуаныштымын, атыраулық ағайын. Алтындай уақыттарыңызды бөліп, шын ниетпен келгендеріңізге рахмет. Жақсылап жайғасып отырып алыңыздар. Отырыстың түр-түрі болады ғой.
"Осы отырған отырыс бір ғанибет емес пе?" деп бабаларымыз бекер айтпаған. Ана отырысқа қарағанда осы отырыс дұрыс екен", - деді Төреғали.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина