- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көшеде шалбарын шешіп,...
Көшеде шалбарын шешіп, жалаңаш жүрген екі ер адам анықталды
Фото:
Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желіде ер адам шалбарын шешкен сәттің видеосы тарады. Полиция осы жайтқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Қарағанды облысының екі қаласында қоғамдық орындарда жалаңаш жүрген екі адамның видеосы Желіде тарап кеткен. Ер адамдардың бірі Қарағандының орталығында шалбарын шешсе, ал келесі ер адам Теміртауда жалаңаш жүрген.
Полиция қызметкерлері бұрын психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған 54 және 27 жастағы екі ер адамды анықтаған. Қазір оларды диспансерге орналастыру мәселесі шешіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова