Егер сізді полиция тоқтатса, өзіңізді қалай ұстау керегін білесіз бе? Massaget.kz тілшісі сізге қателеспеуіңіз үшін ережелер жинағын жасады.
Полицейлер сізді қандай жағдайда тоқтата алады?
Сіз көшеде жүрсеңіз, жол қозғалысының қатысушысы боласыз, сондықтан полиция қызметкерлері сізді кез келген жағдайда тоқтата алады. Ал елде террористік қауіптің "қызыл" деңгейі жарияланса, онда полицейлерге қарсы тұрудың мүлде қажеті жоқ. Тоқтап, не үшін тоқтатқанын сабырлы және сыпайы түрде сұраңыз. Өзіңіздің кұқықбұзушылық жасамағаныңызға сенімді болсаңыз, сізді міндетті түрде жібереді.
Өзін бірінші кім таныстыруы қажет?
"Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9 бабы "Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматының жеке куәлігі болуға міндетті". Заңда құжатты үнемі өзімен бірге алу жүру керек деген міндет жоқ, сонымен қатар үйде қалдыруға тыйым салынбаған, сондықтан жеке басын куәландыратын құжаттарды өзімен бірге алып жүрудің қажеті жоқ. Егер сіз құқықбұзушылық жасамасаңыз, полиция қызметкері сізді ұстап, бостандығыңызды шектей алмайды. Сондықтан, алдымен одан қызметтік куәлікті көрсетуін сұрап, содан кейін құжаттарды не үшін көрсетуді сұрайтынын біліңіз. Тәртіп сақшысы құжаттарыңызды көрсетуіңізді талап етсе, бас тартуға құқығыңыз бар. "Құжаттар өзімде емес" деп сыпайы түрде жауап беріңіз, өйткені заң бойынша оларды өзіңізбен бірге алып жүруге міндетті емессіз.
Полиция сіздің жеке заттарыңызды тексеруге құқылы ма?
Егер сіз әкімшілік құқық бұзушылық жасамаған болсаңыз, тексере алмайды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2012 жылы 9 сәуір Нормативтік қаулысының 6-тармағына сәйкес "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қамтамасыз ету және өндіру шараларын қолдану және қолданудың кейбір басқа да мәселелері туралы" сізде бар затты әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда ғана тексере алады. Ал тексеру мақсаты Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралын немесе затты табу.
Полиция қызметкері сізді қандай жағдайда тұтқындай алады?
Полицейлер сізді кұқықбұзушылық жасаған болсаңыз ғана тұтқындауға құқылы . ҚР Заңының 6 бабы 1-тармағы 31-тармақшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" полицейлер қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарды ғана ұстауға құқылы. ҚР Конституциясының 16 бабына сәйкес әркімнің жеке бас бостандығына құқығы бар. Сізді қамауға алып, ұстауға заңда көзделген жағдайда соттың санкциясымен ғана болады. Дегенмен олар сізді 72 сағаттан аспайтын мерзімге санкциясыз қамауға ала алады. Әкімшілік қамауға алу 30 тәулікке дейінгі мерзім, ал төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін 45 тәулікке дейінгі мерзім белгіленеді.
Полиция қызметкері сізді алкоголь/есірткі заттарының әсерінен мас деп айыптаса, не істеу керек?
Егер сіз өзіңіздің мас емес екеніңізге сенгімді болсаңыз, қарсылық көрсетпей сараптамадан өткеніңіз жөн. ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы №528 қаулысымен бекітілген мас күйін куәландыру және оның нәтижелерін ресімдеу үшін жолдау ережелері бар. Осы қағидаға сәйкес медициналық куәландыру медициналық мекемеде жазбаша өтініш бойынша жүргізіледі. Егер полицей медициналық куәландыруды сол жерде жүргізсе, медициналық мекемеде медициналық куәландыруға арналған жолдамаға белгіленген үлгідегі куәландыру актісі қоса берілу керек. Актіні полиция қызметкері екі куәгердің қатысуымен жасайды. Куәгерлер болмаған жағдайда медициналық куәландыруды тек сіздің келісіміңізбен жүргізуге рұқсат. Полиция қызметкері сізді өзі куәландыра алмайтындықтан, сіз медициналық мекемеге сараптамаға барасыз. Егер сіз алкоголь немесе есірткіден мас болмасаңыз шығындарды өтеуді талап етіп, полицейдің әрекетіне шағымдануға құқықылысыз. Сіз куәландырудан бас тартып, өз ұстанымыңызды әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада, куәландыру актісінде немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға қоса берілетін жеке түсініктемеде баяндауға құқығыңыз бар.
Полицейлер қандай жағдайда кәмелетке толмаған баланы ұстай алады?
ҚР Заңының 36-бабы "Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы" бойынша балаға 23.00-ден 6.00-ге дейін ата-анасының немесе қамқоршысының еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуға тыйым салынған. Полиция қызметкерлері баланы ата-анасы алып кететін бөлімге апара алады. Содан кейін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабына сәйкес үштен 15 АЕК-ке дейінгі айыппұл төленеді.
Полицейлер қандай жағдайда саусақ іздерін ала алады?
Егер сіз күдікті болсаңыз, саусақ ізін алуға келісуге міндеттісіз. ҚР "Ішкі істер органдары туралы" Заңының 2-тармағы 30-тармақшасына сәйкес іздерді алу (дактилоскопия) күдіктілерге, айыпталушыларға және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде (түрмеде) жазасын өтеп жүрген, сондай-ақ ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұсталатын адамдарға (тергеу изоляторы, уақытша ұстау изоляторы, қабылдағыш) қатысты жүргізіледі.
Полицейлердің үстінен қайда шағымдануға болады?
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 23-бабы 1-тармағына сәйкес органның немесе лауазымды адамның әретіне шағымдана аласыз. Полицей заңсыз әрекет жасады деп ойласаңыз жоғары орган, прокуратураға немесе сотқа жүгінуге болады.
Полицеймен болған жағдайды камера/диктафонға басуға бола ма?
Жұмыс барысында кез келген тәртіп сақшының әрекеті мен әңгімесін түсіріп не жазып алуға болады. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 21-бабына сәйкес, егер бұл мемлекеттік құпияға немесе жеке өмірге және билік өкілдерінің жеке құқықтарына қатысты болса, түсіруге жол берілмейді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!