Шымкент тұрғынына жартылай жалаңаш билегені үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, жастар әлеуметтік желі үшін контент түсіріп жатқан болуы мүмкін.
Кадрларда қыз арнайы дыбыстық сигналдар орнатылған көліктің алдында билейді.
Мұндай арнайы сигналдар тек жедел жәрдем, патрульдік және өрт сөндіру көліктеріне арналған.
Заңбұзушыға 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды, бұл - шамамен 55 мың теңге.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!