Көше қиылысындағы жаңа "ілініп тұрған" бағдаршам алматылықтарды таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Фотолар әлеуметтік желіде пайда болды.
Кейбір қолданушыларда бұл бағдаршамдар тым төмен және жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің қозғалысына кедергі келтірмей ме деген сұрақ туындаған.
Бұл бағдаршамдар велосипедшілер үшін арнайы жасалғаны белгілі болды.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, велосипед бағдаршамы адам бойынан жоғары.
"Велосипедшілер үшін орнатылған бағдаршам МЕМСТ бойынша 2,4 метр биікте ілінді", - деп нақтылады Алматы әкімдігі өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!