- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қошанов депутат Мақсат...
Қошанов депутат Мақсат Толықбайға: Асықсаңыз, бара беріңіз
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутат Мақсат Толықбайға ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Мәжілісте "Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру туралы" тақырыбында Парламенттік тыңдау өтіп жатыр.
Жиында "Қарызсыз қоғам" жобасының Түркістан облысының қаржылық сарапшысы Мақпал Ғабдул мәселенің өзекті екенін атап өтті.
Ерлан Қошанов сарапшының тәжірибесі маңызды екенін жеткізді.
"Мақпал елдің ортасынан келіп, қиын жағдайға түскен адамдармен жұмыс істеген", - деді ол.
Осыдан кейін Мәжіліс төрағасы депутатқа ескерту жасады.
"Депутат Мақсат Толықбай, асығып отырсаңыз, бара беруіңізге болады", - деді Ерлан Қошанов.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина