Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутат Ардақ Назаровтың журналистерге жауап бермей кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналистер депутат Ардақ Назаров бүгін Парламент отырысында журналистердің сұрақтарына жауап бермей кеткенін айтқан.
"Журналистің сұрағына жауап бермеді деп депутаттық мандаттан айыру деген заңда қарастырылмаған. Ол депутаттың өзінің құқығы. (...) Біз әлі әдеп кеңесін құрып үлгерген жоқпыз. Құрылған жағдайда ашық болуға тырысамыз. Бүгін бірінші отырыс болды. Депутаттармен жұмыс жүргіземіз. Журналистерге сұхбат беру бірінші кезекте біздің мүдде. Халыққа жұмысымыз туралы айтып жеткізу біздің ойымыз", - дейді Қошанов Мәжіліс кулуарында.
Төраға егер Ардақ Назаров регламентті бұзатын болса ескерту жасалатынын атап өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!