- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қош келдің, 40...
"Қош келдің, 40 жасым". Тележүргізуші Дина Төлепберген туған күнін ерекше атап өтті
Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген туған күнінде Алматыдан Атырауға гуманитарлық көмек жіберді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.Тележүргізуші еріктілермен бірге 20 тоннадан астам жәрдемді топан судан зардап шеккендерге жіберген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Қош келдің, 40 жасым! Негізі өзім той жасап, туған күнді атап өте бермеймін. Су жаңа Қазақстан болып жатқанда, сауық құру - әбестік болар. Сондықтан тамшыдай болсын пайдам халқыма тисін деген ниетпен, Алматылық еріктілердің сабына қосылдым. Алматыдан Атырауға жәрдем жүк көлігін жіберуге ат салыстық. Қол ұшын созамын деп кішкентай көрпесін болсын әкелген қазақты көріп көңілім жылыды. Басына күн туып сыналған халқыма сабыр тілеймін…"
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы