- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қош келдің, 35...
"Қош келдің, 35 жас". Танымал әзілкеш туған күніндегі тосын сыйды көріп, жылап қалды
Танымал әзілкеш Арман Жаналиевқа 35 жасқа толған туған күнінде отбасы ерекше тосын сый жасады. Мұны көрген өнер иесі көз жасына ерік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Туған күніне отбасының тосын сыйын салған Арман Жаналиев ұлының жазған тілегін оқып тұрып, эмоциясын ұстай алмады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Қош келдің, 35 жас! Отбасым 00:00-де сюрприз жасап қойыпты. Айқынның жасаған ашықхатына,жазған тілегіне көңілім босап кеттті. Өз-өзімді видеодан көріп, ұялып күліп отырғаным. Ең бастысы қуаныштан ғана жасымыз шықсын. Отбасыларыңыз аман болсын. Туған күнім құтты болсын!" - деп жазды ол.
Желі қолданушылары "отбасыңмен әртіссіңдер", "неге еркектер әлеуметтік желіге жағымпазданып жылайды", "мен де жылап жібердім ғой", "қандай әсерлі жазылған", "көңілім босап кетті ғой", "керемет, шынайы эмоция" деп жазды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы