Атырауда бес күн бұрын үйінен шығып, белгісіз бағытта кеткен 16 жастағы жергілікті тұрғын Әсемай Қазбекова өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.
2007 жылы туған қыздың жоғалып кеткені туралы 6 сәуірде белгілі болды. Артынша бірден қызды іздеу жұмыстары басталып, полиция қызметкерлері, құтқарушылар мен еріктілер іздеуге шықты. Алайда, өкінішке қарай, іздеу нәтижесіз болды.
10 сәуірде кешке Әсемай көпірден секіріп, суицид жасағаны белгілі болды. Бұл туралы іздеу жұмыстарына қатысқан ерікті Сандуғаш Кукенова Facebook-парақшасында хабарлады.
"Бейнебақылау камерасына Әсемайдың көпірге шығып бара жатқан сәті түсіп қалған. Ары қарай не болғанын біле алмадық. Жеке тұрғын үйде тұрған камерадан көреміз бе деп ойладық, алайда үй иесі бірнеше күн бойы үйінде болмады. Бүгін ол үйіне келген кезде қыздың әкесі камераға түсіп қалған видеоны көрді. Өкінішке қарай, ол жерде Әсемайдың көпірден секірген сәті видеоға түсіп қалған", - дейді ерікті.
Бұған дейін мәслихат депутаты Надежда Шильман Facebook-парақшасында Әсемай соңғы рет суретке түсіп, "Қош болыңдар" деп жазба қалдырғанын айтқан болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!