ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бапи "4VLASTINFO" youtube-арнасына берген сұхбатында Әміржан Қосановпен қарым-қатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, 2019 жылғы сайлаудан кейін Әміржан Қосановпен арасы алшақтап кеткен.
"Әміржан Қосановтың тақырыбы жалпы маған емес, қоғамға да ауыр тақырып қой. Себебі 2019 жылғы сайлаудан кейін Қосановтың феномені пайда болды. Жалпы ол сақа саясаткер ғой. Бірақ сайлаудағы жағдайдың бәрі белгілі, оны қайталамайық. Арамыз алшақтап кетті. "Жаңа Қазақстан" идеясы Тоқаевтың бастамасы емес, біз 2019 жылы сайлауға келгенде "Жаңа Қазақстан" деп келгенбіз. Солай "Жаңа Қазақстанның" формасын құрдық. Ал өкілі Әміржан Қосанов болды. Бірақ кейіннен осындай жағдайлар болды. Артынан бізді жазғырып шықты. Сол сайлау арқылы өз кандидатымызды өткізуге қанша күш салғанымызбен бәрібір артынан кінәлі біз болып шықтық", - деді депутат.
Дегенмен депутат отбасы мүшелерінің араласып тұратынын айтты.
"Қазір Әміржанмен той-томалақ, қазалы жерде жолыққанда аман-сәлемеміз түзу. Бір-бірімізге қас, дұшпандығымыз жоқ. Дегенмен 2019 жылы мен ЖСДП партиясының төрағасы болдым да, сондай саяси жағдайға байланысты сайлаудан өтпей қалған азаматпен араластыруға тыйым салды. Саясат деген өзі сасық дүние ғой. Сондай жағдайлар болып тұрады. Сол кезден бастап арамыз алшақтағаны рас. Бірақ отбасы мүшелері араласып тұрады", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!