2025 жыл қазақ спорты үшін әлемдік ареналардағы жетістіктермен есте қалды. Жыл бойы отандастарымыз әлем чемпионаттары мен түрлі кешенді жарыста шешуші кезеңге дейін жетіп, бірқатар спорт түрінде Қазақстанды халықаралық деңгейде көшбасшы елдердің қатарына қосты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-ға сілтеме жасап.
2025 жылы Қазақстан құрамасы үш ірі кешенді жарысқа қатысып, мынадай нәтижелер көрсетті:
Сонымен қатар, қазақстандық спортшылар жыл бойы Азия чемпионаттары мен өзге де халықаралық жарыстарда түрлі жас санаттары бойынша көптеген жүлдеге қол жеткізді.
2025 жылы қазақ спорты үшін маңызды оқиғалар тек жарыс алаңдарымен шектелмеді. Даңқты боксшы Геннадий Головкин World Boxing федерациясының президенті болып сайланды. Осылайша ол халықаралық ұйымды басқаратын алғашқы қазақстандық атанды.
Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Халықаралық бокс Даңқ залына енді. Бұл мәртебеге ие болған тұңғыш қазақстандық - Геннадий Головкин.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!