Көршісі терезеден күмәнді нәрсені байқап қалған: Алматыда ер адам үйінен өлі табылды

Алматының Түрксіб ауданындағы жеке үйлердің бірінен ер адамның сүйегі табылды. Алғаш болып көршісі күмәнді сұлбаны терезеден байқап қалып, дабыл қаққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы мен жедел топ жеткен.

"Есікті ашқан кезде үй ішінен өз-өзіне қол жұмсаған ер адамның сүйегі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша қайғылы оқиғаға дейін ер адам жеке басына қатысты қиындықтарды бастан өткерген болуы мүмкін", - деп жазылған ПД хабарламасында.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін себептер тексеріледі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!