Көршісі соңғы сәтте құтқарып қалған: ШҚО-да балалар жанып жатқан үйде қалып қойған

ШҚО-да балалар жанып жатқан үйде қалып қойған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Глубокое ауданына қарасты Черемшанка ауылында жеке тұрғын үйден өрт шыққан. Тілсіз жау үйдің шатырын, жиһаздарды және жеке заттарды шарпыған. Өрт шыққан кезде үйде анасының қарауынсыз төрт бала болған.

"2012 және 2019 жылы туған екі бала үйден өздері шығып, көмек сұрап көрші үйге жүгірген. Көршісі Дмитрий Недозрелов бір сәтке де ойланбастан, жанып жатқан үйге кіріп, іште қалған 2021 және 2023 жылы туған екі сәбиді алып шыққан", - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ баспасөз қызметі

Оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер 45 шаршы метр аумақта шыққан өртті ауыздықтады. Балалар медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз