Нобель сыйлығының лауреаты, биолог Элизабет Блэкберн кәрілікті баяулатудың жеңіл әдістерін атады.Маман хромосмалардың теломерлерлі қысқаруы салдарынан қартаю теориясы атты ғылыми еңбегіне сүйенді. Біріншіден, күйзелісті жеңу керек. Өз зерттеуінде ол аутизм және өзге де созылмалы аурулары бар балаларды тәрбиелеп отыраған әйелдердің мінез-құлқынзертеген. Күйзелісті жеңе алатын әйелдердің теломерлері айтарлықтай баяу қысқаратыны анықталды. Екіншіден, медитация жасау керек. Ғалымның мәліметі бойынша, күніне 12 минут медитация жасаған адамдар екі айда теломерлердің қысқаруын баяулата алған. Сонымен қатар, ғалым көршілермен көбірек араласып, отбасын құрып, өмір бойына дос табу керек деп есептейді. Оның үстіне биолог ақша табуға кеңес береді. Зерттеу табысы жоғары адамдардың теломерлері өзгелерге қарағанда ұзынырақ болатынын көрсеткен. Элизабет Элен Блэкберн - америкалық ғалым-цитогенетик,Кэрол Грейдер менДжек Шостакпен біргефизиологияжәне медицина бойынша2009 жылғыНобель сыйлығының лауреаты атанған. kaz.tengrinews.kz