- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көршіңіз баласын күнде...
Көршіңіз баласын күнде ұрса, не істеу керек?
Соңғы кезде Қазақстанда балаға көрсетілген зорлық-зомбылық көбейді. Егер күнделікті негізде көршіңіз баласын ұрып жатқанын естіп, көріп жүрсеңіз не істеу керек? Бұл туралы "Право знать" Telegram-арнасы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кез келген адам баланың қорлық көріп жүргеніне куә болуы мүмкін. Мұндай жағдайда не істеу керек?
Ең алдымен, ескерту жасап, көшеде көрсеңіз, жанына барып немесе тұрғын үй кешенінің чатына жазудан қорықпаңыз. Ата-анадан баланы ұруын тоқтатуды сұрап, оның әрекеті заңсыз болғандықтан полиция шақыратындығыңызды ескертіңіз. Сіз кез келген уақытта 102 нөміріне қоңырау шала алатыныңызды ұмытпаңыз. Жергілікті полиция қызметінің жедел әрекет ету мамандары шара қолданады.
Тікелей әрекет етуден қорықсаңыз, 150 нөміріне хабарласып, құпия шағым қалдыра аласыз. Ол үшін сіз өзіңіз бен көршіңіздің тұрғылықты мекен-жайын, бала саны мен жасын хабарлап, көргеніңізді немесе естігеніңізді сипаттауыңыз керек. Сіз жеткізген ақпарат тексеріліп, шара қабылдануы үшін уәкілетті органдарға беріледі.
Сізге ешқандай дәлел жинаудың қажеті жоқ екенін есте сақтаңыз. Сіз күдіктенуіңізге байланысты шағымдануға құқылысыз. Шағымды тексеріп, дәлел жинау - полиция қызметкерлерінің жұмысы.
Полиция ешқандай шара қолданбаса, не істеуім керек?
Бұл жағдайда сіз 111 нөміріне қоңырау шала аласыз. Бұл Отбасы, әйел және бала құқығын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес. Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің колл-орталығына 1450 нөмірі бойынша және 8 (7172) 742-528 сенім телефонына хабарласа аласыз. Ювеналды полицияның инспекторы кәмелетке толмағандарға жасалған қатыгездік дерегін растау үшін тексеру жүргізеді.
Баласына зорлық-зомбылық көрсеткен ата-анаға қандай жаза қарастырылған?
Ата-ана ҚР Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-бабы бойынша Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Оған қоса, дәл осы кодекстің 73-1-бабы Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені және 73-2-бабы Ұрғаны үшін заң бойынша шара қолданылады.
Әдетте бұл баптар бойынша жаза ескерту, айыппұл немесе 15 күнге дейін бас бостандығынан айыруға алып келеді.
Баланы үнемі ұрып-соғатын ата-ана ҚР Қылмыстық Кодексiнің 110-бабы Қинау бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Егер баланың ата-анасымен бірге тұруы оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіні анықталса, онда ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.
"Балаға зорлық-зомбылық жасау психологиялық және физикалық жарақатқа немесе кәмелетке толмағанның өліміне әкелуі мүмкін. Тіпті бір зорлық-зомбылық ата-ананың мінез-құлқының теріс моделін қалыптастыруы мүмкін, оны бала болашақта ұстанады және өз отбасында зорлық-зомбылықты жалғастырады", - деп ескертті арна авторы.
Айта кетейік, бұған дейін азаматқа жалған айғақ бергені үшін қандай жаза қарастырылғаны хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Тоңазытқыштағы иісті қалай кетіруге болады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә