Анасының қарызы үшін қызын байлап, қараусыз жерге апарған әйел екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.
22 шілдеде аудандық соттың шешімімен 1999 жылы туған әйел екі айға қамауға алынған. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты соталды тергеу жүріп жатыр.
Айта кетейік, күдікті әйел 22 шілдеде ұсталған болатын.
Еске салайық, бұған дейін бұл оқиғаға қатысты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева пікір білдірген болатын. Оның айтуынша, видеодағы әйел - баланың көршісі.
"Қыз табылды. Видеодағы әйел көршісі болып шықты. Әйел баланы қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарып, алақанымен бетінен ұрған. Бұл туралы анасына айтып барсын деген. Қыздың анасының сөзінше, мұның себебі олардың ақшалай қарызы болуы мүмкін. Көрші әйел ауылдан кетіп қалған, оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баламен мектеп психологы жұмыс істейтін болады", - деп жазды Зәкиева.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!