- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Көршінің баласын байлап,...
"Көршінің баласын байлап, қараусыз жерге апарған". Видеодағы әйел ұсталды
Анасының қарызы үшін қызын байлап, қараусыз жерге апарған әйел ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Желіде белгісіз әйелдің баланы байлап, қараусыз жерге апарғаны бейнеленген видео тараған болатын.
Бұл видео заңгер Сәуле Бикитееваның Instagram-парақшасында пайда болды. Онда әйелдің баланың аузы мен қолын байлап, ешкім жоқ жерге апарғаны көрінеді.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері 1999 жылғы Т. есімді азаматшаны анықтады. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол мұны жас баланың ата-анасымен жағымсыз жеке қарым-қатынасы салдарынан жасаған.
"Дерек ҚР ҚК 389-бабы бойынша Жамбыл ауданының ПБ-да тіркелді. Іс бойынша процестік шешім қабылдау үшін барлық мән-жайлар анықталатын болады. Сонымен қатар, қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды", - дейді облыстық ПД басшысы Бауыржан Әленов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін бұл оқиғаға қатысты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиевапікір білдірген болатын. Оның айтуынша, видеодағы әйел - баланың көршісі.
"Қыз табылды. Видеодағы әйел көршісі болып шықты. Әйел баланы қараусыз қалған ғимараттың аумағына апарып, алақанымен бетінен ұрған. Бұл туралы анасына айтып барсын деген. Қыздың анасының сөзінше, мұның себебі олардың ақшалай қарызы болуы мүмкін. Көрші әйел ауылдан кетіп қалған, оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баламен мектеп психологы жұмыс істейтін болады", - деп жазды Зәкиева.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина