Көршілері қорқытып жіберген: ер адам көпқабатты үйдің кіреберісінде қызды зорлағысы келген

Көршілері қорқытып жіберген: ер адам көпқабатты үйдің кіреберісінде қызды зорлағысы келген
Фото: podrobno.uz

Ташкентте ер адам көпқабатты үйдің кіреберісінде қызға шабуыл жасап, зорламақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап.

Кадрлардан ер адам қыз кіреберіске кірген кезде артынан ере кіріп, шабуыл жасағанын көруге болады. Ол жәбірленушіні жерге құлатып, интим жерлерін ұстай бастаған. Қыз қорқып айқайлай бастаған, көршілері жүгіріп шығып, ер адамды қорқытқан. Кейін ол қылмыс орнынан қашып кетеді.

Оқиға Мирзо-Ұлықбек ауданында болған. Көршілер оқиғаның видеосын құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ұсынған.

Ал әзірге күдікті туралы мәліметтер жоқ.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова