Қоршаған ортаны ластаған кәсіпкерге 7 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарағанды облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы экологиялық заңнаманың сақталуына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.
Осы жұмыс аясында прокурорлар 8 ай бойы II санаттағы нысандар үшін экологиялық рұқсатсыз мұнай өнімдерін сақтаумен және сатумен айналысқан ірі кәсіпорындардың бірін анықтады.
Бұл - экологиялық заңнаманы бұзу (Экологиялық кодекстің 106 және 120-баптары) және соның салдарынан атмосфераға көлемі 90 тоннадан асатын ластаушы заттардың шығарындылары түскен.
Қадағалау органы кәсіпорынға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғап, материалдар Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды.
Өз кезегінде құқықбұзушы өз кінәсін мойындамады.
Іс барлық 3 сатыдан өтіп, тек Жоғарғы сот түпкілікті нүкте қойды. Кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 7 миллион теңгеден аса айыппұл салынды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек