- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кеңейтілген Үкімет отырсы
Көрші елдерге ауылдағы мал арзан бағаға сатылып жатыр - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы ауылдарды дамыту мәселесі бойынша үкіметтен жаңашыл тәсілдерді талап етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президенттің айтуынша, ауылды дамытуға арналған негізгі міндеттердің бірі - инфрақұрылымды жаңғырту және бизнесті қолдауға басымдық берілуі керек.
"Ауылдық аймақтарды жан-жақты дамытуға арналған мемлекеттік қолдау шараларының бәрін бір бағдарламаға біріктіру дұрыс шешім болмақ, яғни "Ауыл аманаты", "Ауыл - ел бесігі" және тағы басқа бағдарламалар. Үкімет пен әкімдерден жаңа, жүйелі әрі тың тәсілдер күтемін. Жалпы, ауыл шаруашылығында шешілмеген мәселелер аз емес. Фермерлер, сарапшылар түрлі түйткілдер туралы жазып жатыр. Мысалы, бордақылау орындары малсыз, жартылай бос тұр, себебі мал көрші елдерге төмен бағамен сатылып жатыр. Ауылдағы ағайынның тұрмыс сапасына ықпал ететін барлық мәселеге баса мән беру қажет", - деді Мемлекет басшысы.
"Ауыл халқы қаржылық және мемлекеттік қызметтерден қол үзіп қалмауы керек" деген президент Үкіметке әкімдіктермен бірлесіп, пошта бөлімшелерінің шалғай елді мекендерде үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет