- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Корпоративті" бағдарламасы: Отбасы...
"Корпоративті" бағдарламасы: Отбасы банк компанияларға не ұсынады?
Отбасы банк 2023 жылы атқарылған ауқымды жұмыстарды қорытындылап, Астанада үлкен форум өткізді. Жылды түйіндеумен бірге жиында "Корпоративті" өнімді насихаттау мақсатында Отбасы банктің тың жобалары жайлы тыңғылықты ақпарат берді.
ТМД-дағы бірден-бір банк
Қаржы институты Қазақстанды былай қойғанда, ТМД-ның бүкіл аумағында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіндегі жалғыз банк. Азаматтарға баспана алу үшін бұл банкте 3,5-10 пайызға дейінгі мөлшерде беріледі. 20 жыл ішінде банктің арқасында 495 мың отбасы қоныс тойын тойлаған.
"Біз халықтың баспана кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтарымен жұмыс істейміз. Оларға жылдық 2-5 пайыз мөлшерлемемен несие береміз. Биыл сол санатдағы 3 мыңнан астам адамға көмектестік", - дейді Отбасы банк басшысы Ләззат Ибрагимова.
Отбасы банкте NPL – төленбеген қарыз мерзімі 90 күннен асқан қарыздан үлесі банкте бар-жоғы 0,09 құрайды. Банк "Дипломмен ауылға" бағдарламасының сенімді агенті. Яғни Үкімет сеніп отыр. Сондай-ақ, банк тағы бір үлкен "Ұлттық қор – балаларға" жобасының операторы атанды.
Банк жастарды қалай қолдайды?
"Отбасы банкінде біз, әсіресе, жастарды қолдаймыз. Оларға бастапқы жарнаға ақша жинау қиынырақ, өйткені көбі оқуды жаңадан бітіреді. Сондықтан жастарды қолдау үшін әкімдіктерімен бірлесіп, жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасын іске қостық", - дейді Ләззат Ибрагимова.
Жастар бағдарламаларына 35 жасқа дейінгі кез келген азаматы қатыса алады. Өңірге байланысты үй алуға берілетін қарыз 10-20 млн теңге аралығында болады.
"Корпоративті" бағдарламасы қалай жұмыс істейді?
Форумда банк басшысының орынбасары Нұрлан Ақшанов кез келген қызметкерге қамқорлық, жұмыстағы тұрақтылық пен өсім керектігін айтады. Сол үшін банк "Корпоративті" атты өнімді қолға алған. Жоба өз қызметкерлерін үймен қамтамасыз етуге қолдау көрсетуге дайын компанияларға арнап ашылған.
"Біз не ұсынамыз? "Корпоративті" бағдарламасы арқылы біз кез келген компания үшін қызметкерлерді жұмысында ұстап қалуға, мықты мамандарды тартуға көмектесетін өнім ұсына аламыз. Компанияның өзі бұған бас қатырмайды. Мәселен, несие беру үшін тұтас бөлім, есепші ұстау керек. Мұндай жұмысты компаниялар бізге тапсырса, банк ретінде қызметкерлерінің қажеттілігін қанағаттандыра аламыз", - дейді ол.
Ақшановтың сөзінше, осылай, банкпен серіктескен компанияның қызметкерлеріне – корпоративті өнімді тарту және сатып алу құқығымен пәтерді жалға алу тетігі беріледі. Басқа банктер 18 пайызбен несие бергенде Отбасы банкте ол тек 8-10 пайыз болады.
Материалды Отбасы банк ұсынды
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан