Семейде "бес жасар ұлымды балабақша тәрбиешісі қинады" деген ата-ана әділдікті талап етіп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға мемлекеттік балабақшалардың бірінде болған. Балабақшада түсірілген видео желіде тарады. Телеарна мәліметінше, кадрларда 38 жастағы әйел баланың үстіне көрпе жауып, қос қолымен басып жатқаны көрінеді.
Ата-аналар тәрбиешіні қызметінен босатуды талап етіп отыр. Ал шу шыққан балабақша басшылығы маманның он жылдық тәжірибесі бар екенін жеткізді. Дегенмен бұл оқиғадан кейін ол бала күтімі бойынша демалысқа кеткен.
Сонымен қатар, полиция тергеу жүргізіп жатыр.
"Тергеу жүріп жатыр. Ал тәрбиеші жұмыстан шеттетілген. Ол декрет демалысында. Төрт баласы бар. Балабақшадағы бақылау камералары тексеріліп отырады. Бұған дейін балаларды жұлқылағанын көрмедік", - деді "Айгөлек" бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Гүлнәр Жұмағалиева.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!