Туыстарының айтуынша, ер адам үш күн ауырған. Бірақ дәрігерлік көмекке жүгінбеген, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Өткен дүйсенбіде Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустан екінші тұрғын көз жұмды.
«Өкінішке орай, 13 сәуірде Нұр Сұлтан қаласында коронавирустан екінші өлім жағдайы тіркелді. Науқас 1950 жылы туған қала тұрғыны. Осыған байланысты науқастың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз», – деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова бүгін қалалық әкімдікте өткен брифингте.
С.Қисықованың айтуынша, аталған азамат 11 сәуірде жедел жәрдем қызметі арқылы провизорлық ауруханаға ауыр халде түсіп, жедел түрде реанимацияға жатқызылған.
«Туыстарының айтуынша, ер адам үш күн ауырған. Дене қызуының 38 градусқа көтерілуіне алаңдап, антипиретикалық препараттар қабылдаған және медициналық көмекке жүгінбеген. Ол жағдайы нашарлап, қатты ентігу мен тыныс аулдың қиындауы себебінен ауруханаға жүгінді. Қосымша ауруларына байланысты (артериялық гипертензия, қант диабеті, жүректің ишемиялық ауруы және 2011 жылы аорто-коронарлық шунт жасалған) науқастың жағдайы келіп түскеннен ауыр болған», - деді С.Қисықова.
Диагностика барысында науқаста екі жақты полигигматикалық пневмония мен ауыр тыныс жетіспеушілігінен асқынған коронавирустық инфекцияның бары анықталды.
«Науқас диагноз қоюдың клиникалық хаттамасына сәйкес ем алды. Арнайы мамандардың қатысуымен кеңес өткізілді. Терапияға қарамастан, көптеген дене мүшелері қызметінің бұзылу белгілері өсіп, 13 сәуірде сағат 23:40-та жүрек соғысы тоқтады. Жүргізілген реанимациялық шаралардың бәрі сәтсіз болды», – деді Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы.
Қайтыс болған науқастың туыстары арасынан жақын байланыста болған адамдар коронавирусқа тексеріліп, үй жағдайында карантинге орналастырылған.
Қазіргі таңда елордада вирус жұқтырғандардың жалпы саны 260-қа жетті. Соңғы екі күнде 29 жаңа жағдай тіркелді: 12 сәуірде – 20, 13 сәуір күні – 9 жағдай. 19 жағдай бірнеше күн бойы екі жақты пневмония және дем жетіспеумен КВИ-ге арналған зертханалық тексерудің теріс нәтижесімен (мұрын мен артқы фаренгал қабырғасына жасалған) стационарлық емдеуде болған науқастардан анықталды. 7 жағдай науқастардың жақын туыстарынан (отбасы мүшелері, әріптестері) анықталды. Олар бұрын оқшауланған, қаралған және қазіргі уақытта инфекцияның расталуына байланысты ауруханаға жатқызылған. КВИ бар-жоғын бақылау кезінде 3 жағдай анықталды», – деді Сәуле Қисықова.