- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Коронавирустың жаңа түрі...
Коронавирустың жаңа түрі жылдам тарап жатыр
Коронавирустың жаңа түрі жылдам тарап барады. Ғалымдар әлемде ауыр індеттің тағы бір толқыны басталуы мүмкін деп дабыл қағып жатыр. Өйткені Ковидтің ХЕС штаммы Германияда тіркеліп үлгерген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Коронавирустың жаңа түрін Ұлыбритания, АҚШ, Дания елінің азаматтары да жұқтырған. Америкалық ғалымдар бұл вирустың бұрынғылардан қауіптірек әрі ол тез жұғатынын айтып жатыр.
Ғалымдар азаматтарға қазір қолданыста бар вакциналарды ектіріп, алдын ала қамдануға шақырады. Өйткені сырқаттың жаңа түрі, әсіресе қыста өршиді.
"Коронавирустың жаңа штаммдары үнемі пайда болып отырады. Біз ковидтің ешқайда кетпейтінін түсінуіміз керек. Өйткені вирус мутациясымен сипатталады. Яғни мезгіл-мезгіл пайда болуы мүмкін. Өткен аптада елімізде 25 науқас стационарда медициналық көмекке жүгінген. Біз, бұрынғыдай, халықтан сынама алып, Ковид-19 қоздырғыштарының бар-жоғына зерттеу жүргіздік. Қандай штамм айналымда екенін анықтадық. Әзірше халықтың алаңдауына еш себеп жоқ", - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологияны бақылау комитетінің басқарма басшысы Роза Қожапова.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирус ең алғаш 2020 жылдың 13 наурызында тіркелген болатын. Сол жылы 16 наурызда алғашқы төтенше жағдай режимі жарияланды.
Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда 1,5 миллионға жуық адам коронавирус жұқтырса, оның 19 мыңға жуығы қайтыс болған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина