- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Коронавирустың жаңа нұсқасы...
Коронавирустың жаңа нұсқасы тек екпе алғандарға жұғатыны рас па?
Telegram-да қазақстандықтар әлемде тек науқастар мен вакцина алған адамдарға жұғатын "саперолог" коронавирусының жаңа нұсқасы пайда болғаны туралы бөлісіп жатыр. Бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Суреттерді кері іздеуге арналған құралдардың көмегімен таралған үзінді тележүргізуші Елена Лихоманова жүргізген РЕН ТВ телеарнасындағы жаңалықтар шығарылымынан алынғаны анықталды. Арнаның сайтынан қарағанда, бұл сюжет 2023 жылғы 1 қыркүйекте шыққан.
Онда коронавирустың жаңа "саперолог" емес, "пирола" нұсқасы туралы айтылған. Жүргізуші оның бұрын ауырған немесе вакцинацияланған адамдар үшін қауіпті екенін айтқан.
Алайда бұл тұжырым нақты емес, оны әртүрлі түсіндіруге болады. Йель университетінің мәліметі бойынша, "пирола" нұсқасы вакцинацияланғандарға да, бұрын ауырғандарға да жұғуы мүмкін. Мутацияның салдарынан ол адамдарға жұққанда иммунитет патогенді бұрыннан белгілі қауіп ретінде танымайды. Сондықтан онымен күреспейді.
Яғни, "пирола" нұсқасы вакцинацияланбаған немесе бұрын ауырмаған адамдарға жұқпайды деген сөз емес. Ол бұл адамдар үшін де қауіпті.
Қорыта айтқанда, таралған видео көрермендерді шатастырады. "Пирола" нұсқасы вакцинацияланбаған адамдар үшін де, вакцинацияланған және ауырған адамдар үшін де қауіпті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек