Эстрада әншісі Саят Медеуов ата-анасының қазасы туралы айтып, көзіне жас алды. Өнер иесі ешкімге ақтармаған құпиясын Нартай Аралбайға берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ата-анасының қазасы тым жақын болғанын, тіпті бұл жағдайды қалай қабылдай алғанын білмей қалғанын жеткізді.
"Екеуінің қазасының арасы 14 күн болды. Ол жеке басымдағы, отбасымдағы қайғы ғой. Бірақ ол біздің ғана отбасымызда болмады, бүкіл ұлттың басында болды. Сол кезде "Қазағым қариясыз қалмаса екен" деп жаздым. Қазақтың көп қариясы, жастары кетті. Әкем "Бізге адам өлімінің саны керек боп жатыр ғой. Мен секілді кәрілер өлсін. Жастар аман болсын. Мен өле берейінші, балам" деп жатты. Сол сөз менің жүрегіме ауыр тиді", - дейді әнші.
© видеокадрдан алынған сурет
"Анам коронавирустан қайтыс болды. Анам өмірден өткесін, сап-сау жүрген әкем кетті. Ол кісі бірақ коронавирустан қайтыс болмады. Бірақ, таңғалғаным, "Коронавирустан қайтыс болды деп жазайықшы" деп келді. Ағам маған қатты қиналып, "Әкемді коронавирустан қайтыс болды деп жазайық деп келді. Не істейін?" деп хабарласты. Мен "Әкемнің арманы еді. Өзі де тізім керек боп жатыр деп еді. Не жазса да өздері көрсін" дедім. Сосын ағам хабарласып, "Өлген адам өлді. Не жазсаңдар да өздерің біліңдер" деді. Болары болды, не істейміз енді? Шындық солай енді", - деді Саят Медеуов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!