- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Коронавирусқа шалдыққандардың саны...
Коронавирусқа шалдыққандардың саны 300 мыңнан асты
Дүниежүзінде коронавирусқа шалдыққандардың саны 300 мыңнан асты. Мұны Джонс Хопкинс университеті хабарлады.
Жаңа деректерге қарағанда, әлемде 307 277 адам коронавирус жұқтырып, 13 048 адам көз жұмған. Ал 92 372 адам сауығып кетті.
Вирус жұқтырғандардың саны жағынан бірінші орында Қытай (81345), екінші орында Италия (53 578 адам), үшінші орында АҚШ (26 747 адам) тұр. Испания (25 496), Германия (22 364 мың адам), Иран (20 510 адам) және Франция (14 485 адам), Оңтүстік Корея (8897), Ұлыбритания (5067) елдерінің жағдайы нашар.
Қазір COVID-19 инфекциясы әлемнің 167 мемлекетіне тарап үлгерді.
Вирус ауру адамның мұрнынан аққан су, ауызынан бөлінген сілекей арқылы жұғады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауру жұқтырғандарға жоламай, қолды жуып-тазалап жүруге кеңес береді. Жуылмаған қолмен көзді уқалауға, ауыз бен мұрынды сүртуге болмайды.
Ал Қазақстанда 22 наурыз күнгі таңғы жағдай бойынша, коронавирус жұқтырғандардың саны 56-ға жетті: елордада – 31 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағандыда – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам. Бір күнде Нұр-Сұлтан қаласынан ауруға шалдыққан екі адам шықты.
Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары бүгін түннен бастап толық жабылды.
Қ. Слямбек